2.02.2024 ж. Педагогика және психология жоғары мектебінде профессор-оқытушылардың рейтингінсін көтеру мақсатында «Рейтингті арттыру: ҒЗЖ-ның маңызы» атты семинар өткізілді.
Семинарда баяндамашылар ғылыми белсенділік көрсеткіштерін көтеру жолдарымен бөлісті.
Деканның ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары, магистр Асылжан Омаровна Есимбекова «ЖУ Хабаршысы» мысалында рецензияланатын журналдардың авторға қойылатын талаптары және OJS жүйесінде мақаланы жүктеу жолдарымен таныстырды.
«Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» білім беру бағдарламаларының жетекшісі, философия докторы (PhD) Райгуль Сериковна Желдибаева «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасына қатысу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, үміткерлерге қойылатын талаптары мен іріктеу ережелері туралы да түсіндіріп кетті.
Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Жанар Нұрмұхамедқызы Fulbright, Erasmus+, Interlinks және Newton Foundation сияқты халықаралық бағдарламалардың зор мүмкіндіктері туралы айтып, семинарымызды қорытындылады.
Жоғары мектептің профессор-оқытушыларының шетелде білім алуға мүмкіндігі артады деген сенімдеміз!
Осы семинарымызға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз! Тәжірибелерімен бөлісіп, бірге өсейік!