Семинар-тренинг

«Ділмар» дебат клубының ұйымдастыруымен «Шешендік өнер негіздері» атты семинар-тренинг өтті.

2024 жылғы 14 ақпан күні Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі және «Ділмар» дебат клубының ұйымдастыруымен «Шешендік өнер негіздері» атты семинар-тренинг өтті.

Жиынғафилософия ғылымдарының кандидаты Рахипова Сайра Қасымқызы қатысып, клуб мүшелері мен қатысушыларды риторика өнерінің қағидаларымен танысты.

Модератор білімгерлерге сөйлеу техникасы және пікірталас дағдыларын дамыту бойынша практикалық кеңес беріп, бірқатар пайдалы жаттығу түрлерін көрсетті. Кездесуде клуб мүшелері өз сауалдарын ортаға салып, жауап алды.

Алдағы уақытта бұл шара үздіксіз жалғасып табады. Сондай-ақ, оның аясында бірқатар білімгерлерді толық оқыту жоспарланып отыр.