ЖУРНАЛИСТЕР ЖЫР ОҚЫДЫ

Талдықорғанда Жетісулық ақындарға арналған «Жыр-жауһары» атты еркін форматтағы поэзия кеші өтті. Кезекті рухани шара  Әбен Дәуренбековтың 85 жылдығына арналды.  Бастаманы  Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама бөлімі, облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.  

Поэзиялық сағатқа қонақ ретінде Әміре Әрін, Нүсіпбай Әбдірахым, Айтақын Бұлғақов, Жұматай Әміреев, Ришад Тұрғанбай, Ілескен Әлбатырұлы, Светлана Дәуренбекова және т.б ақынның туыстары қатысты. Кеудесі кеніш ақынның шығармашылығын дәрәптеген ілкімді шарада әдемі естелік айтылды. Сондай-ақ Ілияс Жансүгіров атындағы университеті Журналистика және ақпарат БББ-ның студенттері Қазтай Арсен, Ақсақал Шалқар, Қадырсейіт Балааман, Ертуғанқызы Милана, Ақбота Әзімбанва өз өлеңдерін оқып аға буынның батасын алды. Өскелең ұрпақ жыр шашудан рухани азық алып, Ә. Дәуренбековтың сөзіне жазылған әндерен құлақ құрышын қандырды. Жас ақындардың талантын ашып, қаламын ұштап, оларға қолдау көрсететін мұндай басқосулар алдағы уақытта өз жалғасын табады.