Кездесу

Университеттің жас ғалымдары ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жас ғалымдармен кездесуіне қатысты

2024 жылғы 23 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жас ғалымдармен кездесу өткізді. Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев және жас ғалымдары қатысты. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті атынан жиынға гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Шүкенай Гүлім Төлеуқызы, Университеттің жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, Менеджмент және мемлекеттік басқару саласы бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі Лемещенко Олеся Витальевна қатысты.

Жас ғалымдармен кездесуде Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясында Жас ғалымдар кеңесінің құрылғанын жариялады. Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын Президиум басқаратын болады, оның мүшелеріне Президент жанындағы Ұлттық құрылтай және Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері, республикадағы жас ғалымдар ұйымдарының төрағалары, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, еліміздің ЖОО мен ҒЗИ жас ғалымдары кеңестерінің төрағалары енді. Жас ғалымдар кеңесі Президиумының жұмысы бөлімшелер бойынша жүргізіліп, аймақтарда өкілдіктері болады.

Жиналыстың екінші бөлімінде жас ғалымдар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.