Конкурс

2024-2025 оқу жылының 1-ші семестрінде академиялық ұтқырлықты қаржыландыру конкурсы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2024-2025 оқу жылының 1-ші семестрінде бакалавриаттың 2-3 курс білімгерлері арасында академиялық ұтқырлық шеңберінде әріптес жоғары оқу орындарында оқуға конкурс жариялайды. ҚР ҒЖБ қаржыландыруы визалық шығындарды, тұру, сақтандыру және консулдық алымдардың шығындарын өтейді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: – GPA 3.0-ден жоғары; – Ағылшын тілін меңгеру деңгейі В2-ден төмен емес; – Өтініш беру кезінде 1,2 курста оқу.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен бекітілген нысан бойынша білім алушының өтініші (қоса беріледі);

2. Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы (қоса беріледі);

3. Ата-анасынан алынған қолхат (қоса беріледі);

4. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі;

5. Ағымдағы үлгерім туралы Транскрипт (Тіркеу офисінен алу қажет);

6. Шет тілін білу деңгейін растайтын құжат: IELTS 5.5 және одан жоғары сертификаты немесе басқа тіл сертификаты;

7. Таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда);

8. Жоғары мектеп деканының және ББ басшысының ұсыныс хаты;

9. Уәждемелік хат (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде);

10. Студенттің көп балалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

11. Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін);

12. Студенттің мүгедектігін растайтын құжат;

13. Фото 3*4 – 4 дана

Құжаттарды университет Кеңсесінің жеке мекен-жайына «Академиялық ұтқырлық конкурсына қатысу үшін» белгісімен жіберу немесе egov.kz электрондық сайт арқылы жіберу қажет. Кеңсенің пошталық мекенжайы: Талдықорған қаласы, 040009, Жетісу университеті. І. Жансүгіров

Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарына өтінім беру мерзімінің шектеулі болуына байланысты құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 29 ақпанға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады. Қосымша сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз (email: intercenter@zu.edu.kz).