ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ДӘРІСТЕР
19.02. 2024 ж. — 16.03.2024 ж. аралығында жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, органикалық заттар химиясы және технологиясы, табиғи қоспалар мен полимерлер кафедрасының доценті м.а., х.ғ.к. Берганаева Гульзат Ергазиевна Google meet платформасында 6В01506-Химия білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Органикалық молекулалардың функционалды туындылары химиясы» пәні бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарын өткізуде. Инновациялық әдістерді қолдана отырып өткізген дәріс пен практикалық сабақтарға студенттер аса қызығушылықпен қатысып, талқылауда.