Семинар

03.05.2024 ж. Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің басшысы Қайкибаева Айнұр Сейдахметқызы «Ғылыми этика нормалары» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, профессорлық-оқытушылар құрамы және докторанттар қатысты. Семинар барысында жариялау этикасын бұзу түрлері, әділ зерттеулер жүргізу стандарттары, университеттің зерттеу этикасын жақсартуға бағытталған қызметі және жосықсыз әрекеттер үшін ықтимал санкциялар қарастырылды.