«Білім берудегі инновациялық технологиялар»

2024 жылғы 29 ақпанда «Орыс тілі мен әдебиеті» ББ-ның  оқытушы – ассистенті Жазыбекова Айсұлу Кенжетаевна «Инновационные технологии в образовании » тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында білім беру бағдарламасының ПОҚ-мен білім беруде қолданылатын түрлі технологияларды қолдану саласындағы тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.

Семинарда  «Focusky» 3D форматында презентация дайындау, «Tarsia», «Wordwall» бағдарламаларын практикалық сабақтарда тиімді қолданудың жолдары талқыланды.

Семинардың мақсаты сабақ барысында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болды.