Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Осыған орай республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңбері аясында “Zhansugurov College”-де 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні өткізілуде.
18 наурыз — Ұлттық киім күні. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Ұлттық киім күні — киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазахстанның бірлігі мен мәдени әралуандылығын танытуға мүмкіндік береді. Осы орайда колледжіміздің бастауыш білім беру мамандығының 101 және 322 топ білімгерлерінің қазақи нақышты дәріптеуге арналған видеоролигі.