Zhansugurov College

Жансүгіров колледжінде «Көктем аруы — 2026» байқауының жеңімпаздары анықталды!

2026 жылдың 8 сәуірінде Жансүгіров колледжінде көктемнің ең әсем де талғампаз мерекесі — «Көктем аруы — 2026» колледжішілік байқауы өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – қазақ қызына тән ұлттық тәрбие, инабаттылық, әдептілік пен өнерді насихаттау, сондай-ақ қыз балалардың бойындағы қабілет пен талантты ашу. Аруларымыз ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін паш етіп, көрермендер мен қазылар алқасын өздерінің …

Жансүгіров колледжінде «Көктем аруы — 2026» байқауының жеңімпаздары анықталды! Read More »

Рейтингтік спартакиада

Талдықорған қаласының кәсіптік- техникалық білім беру ұйымдарының арасында өткен үстел теннисінен бағалау рейтингтік спартакиадасы жарысында«ZHANSUGUROV COLLEGE» құрама командасы жүлделі II орынды иеленді. Жетекшісі: Алиев Мурат Кайсарович. Жүлделі орын құтты болсын!!!

Арнайы пәндер апталығы өтуде

Біздің колледжде 2026 жылдың 7–24 сәуір аралығында арнайы пәндер апталығы ұйымдастырылып өтуде. Аталған апталықтың басты мақсаты – студенттердің кәсіби білімін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқытушылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. Апталық аясында ашық сабақтар, семинар-тренингтер, танымдық іс-шаралар мен түрлі тақырыптық кездесулер жоспарланған. Әрбір өткізілетін сабақта заманауи оқыту әдістері қолданылып, студенттердің белсенді қатысуына ерекше мән берілуде. …

Арнайы пәндер апталығы өтуде Read More »

АЛҒЫС ХАТ

Білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі және салалалық кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Бағдатқызы Айдана және Карасаева Айжан Ивановна Білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі және салалалық кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Бағдатқызы Айдана және Карасаева Айжан Ивановна АЛҒЫС ХАТпен марапатталды! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!Жаңару мен жақсылықтың бастауы болған бұл күн әр шаңыраққа береке, әр жүрекке қуаныш сыйласын!Ізгі тілектер мен жарқын сәттер көп болсын!

Ұлттық ойындар күні

20 наурыз – Ұлттық ойындар күні!Бұл күн — күш пен ептіліктің, бірлік пен батылдықтың белгісі.Бабалар ойынын ұлықтау — ұрпаққа аманат!

«Адал азамат» жобасы

19.03.2026 жылы І.Жансүгіров атындағы Zhansugurov college «Құқықтану» мамандығының студенттері «Адал азамат» жобасы аясында Жетісу облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығын қорғау бөліміне ашық есік күніне барды.Іс-шара барысында студенттер зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласымен танысып, оның маңызы мен ерекшеліктері туралы кеңінен мәлімет алды. Сонымен қатар, жұмыспен қамтылу мәселелері де қарастырылып, болашақ мамандарға кәсіби бағыт-бағдар берілді.Кездесу барысында …

«Адал азамат» жобасы Read More »

Бауырсақ Party

Бүгін «Zhansugurov College»-де жай ғана күн емес…Бұл — дәстүр, бұл — бірлік, бұл — НаурызBaursaq Party бізге жылулық, қуаныш және ұмытылмас сәттер сыйладыБірге болған қандай керемет!

«Түріктердің мәдени ескерткіштері» тақырыбында үш тілде өткен ашық сабақ

2026 жылдың 12 наурыз күні МҚ 111, МП 111 топтарында «Мәдениеттану» пәні бойынша 11:25–12:15 аралығында «Түріктердің мәдени ескерткіштері» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді. Ашық сабақ жаңартылған білім беру жүйесінің талаптарына сай ұйымдастырылды. Сабақ барысында білімгерлер топтарға бөлініп, түрлі интерактивті тапсырмалар орындады. Оқыту үдерісінде STEM және CLIL технологиялары негізінде заманауи цифрлық платформалар қолданылды. Атап айтқанда, quiz, …

«Түріктердің мәдени ескерткіштері» тақырыбында үш тілде өткен ашық сабақ Read More »

AI Assistant