Жансүгіров колледжінде «Көктем аруы — 2026» байқауының жеңімпаздары анықталды!

2026 жылдың 8 сәуірінде Жансүгіров колледжінде көктемнің ең әсем де талғампаз мерекесі — «Көктем аруы — 2026» колледжішілік байқауы өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – қазақ қызына тән ұлттық тәрбие, инабаттылық, әдептілік пен өнерді насихаттау, сондай-ақ қыз балалардың бойындағы қабілет пен талантты ашу.

Аруларымыз ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін паш етіп, көрермендер мен қазылар алқасын өздерінің өнерлерімен тәнті етті.

Сайыс қорытындысы мен қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың жеңімпаздары анықталды:

* 🥇 1-ші орын: 106 Шқ тобының студенті Сәтбек Жансель

* 🥈 2-ші орын: 108 Ққ тобының студенті Алишерқызы Алина

* 🥉 3-ші орын: 104 Рял тобының студенті Абай Каусар

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге оқуда озат болып, жаңа шығармашылық белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз. Барлық қатысушыларға жоғары дайындықтары мен тамаша өнерлері үшін алғыс білдіреміз!