Курс

Асыл қазына университеті жобасы аясында «Коммуникативтік ағылшын тілі»

31.01.2024-14.03.2024жж. аралығында Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығында 55 жастан асқан ПОҚ және қызметкерлерге арналған Асыл қазына университеті жобасы шеңберінде ағылшын тілі курстары ұйымдастырылып өткізілді. Бұл бағдарламаның мақсаты үлкен жастағы топ тындаушыларына саяхатқа, сондай-ақ күнделікті өмірде қолданылатын шет тіліндегі қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған. Курсты орталықтың үйлестірушісі Салтанат Бегімбекқызы Бегімбекова жүргізді. Курс аяқталғаннан кейін тындаушыларға ағылшын тілі курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.