Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарын сақтау және насихаттау мақсатында «Zhansugurov college»-де Наурызнама тұжырымдамасы аясында «Ұлттық киім» күні ұйымдастырылды. Бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында колледж ұжымы мен студенттері ұлттық киімді насихаттауға белсене атсалысты. Өзін ұлтжанды деп санайтын әр адамды осы күні ұлттық нақыштағы киімдерді ұлықтап, өз тарихымыз бен ата-бабаларымыздың салт-дәстүріне құрмет көрсетуге шақырды.