Академиялық ұтқырлық

2023-2024 оқу жылында Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы,ҚТӘ 311 топ білімгері Иембердиева Талшын 12.02.2024-12.06.2024 аралығында 1 семестрге оқуға Түркия Республикасы, Нийде қаласы, Нийде Омер Халисдемир университетіне оқуға бағытталды.Қазіргі кезде “Заманауи түрік тілі мен әдебиеті” бөлімінде өз білімін толықтырып жатыр. Аталған бөлімде көптеген тіл мен әдебиетке байланысты дәрістер өтіледі. Талшын ”Түрік тілі мен әдебиеті” дәрісіне белсенді қатысады.Пән бойынша тапсырмалар да студенттерге шабыт сыйлайды. Академиялық ұтқырлық бойынша оқу студенттік өмірдің ерекше естелігі.