11.04.2024 ж І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, Шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламасы бойынша қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. А.С.Шыныбекованың ұйымдастыруымен «Халықаралық білім кеңістігіндегі тәжірибе» атты шеберлік сыныбын өткізді. Жаңа инновациялық технологияларды (learningApps, kahoot, quizizя, wordwall, семантикалық карта) сабақ барысында тиімді қолдану, жас мамандарға бағыт-бағдар беру басты мақсат болды. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастыра отырып, дамыған мемлекеттердің білім жүйесін салыстырды. Рефлексия арқылы студенттерге өзара топтық бағалау жасауға тиімді мүмкіндік жасалды. А.С.Шыныбекованың ұйымдастыруымен өткен шеберлік сыныбы жоғары деңгейде өтті.