«Жемқорлық — заман індеті»

Жазғы сессия қарсаңында 16.04.2024 жылы штқ 211 тоды эдвайзері Доскельдина Айдана Серікболқызымен “Жемқорлық заман індеті” атты тәрбие сағатын өткізді. Білімгерлер жемқорлықтың нәтижесі қандай болатынын, мемлекетте қандай қиындықтарға әкеліп соғатынын талқылады. Жоғарғы оқу орындарында білім алу барысында жемқорлыққа жол болмау керек екені айтылды, себебі осы жерде мемлекетіміздің болашақ мамандары, жалпы мемлекетіміздің келешегі қалануда! Және де еліміздегі қайғылы оқиғаларға байланысты пікір алмасып, апаттардың алдын алу үшін не жасау керектігі айтылды. Студенттер келе жатқан емтиханға жақсы дайындалып, өз күштерімен жақсы тапсыратындарына сенімді екендерін айтты.