ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

16.04.2024 жылы І.Жангсүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде ашық есік күні аталып өтті. Жиын болашақ білімгерлерге кәсіптік бағдар беру және білім беру бағдарламаларымен кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, ашық есік күні жаңа белсенді форматта өтті. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы меймандарға мазмұнды ақпарат ұсынып, өзінің кәсіби кеңесімен бөлісті. Кездесуде білімгерлер мамандықтармен таныстырып, өз тәжірибелеріне тоқталды. Жетісу университетін таңдаудың басымдықтарын белгіледі. Университет аясында өткен экскурсияда қатысушылар инфрақұрылымды көріп, материалды-техникалық базамен танысты. Кездесу соңында оқушылар түрлі сауалдар қойып, толық жауап алды. Жетісу университеті жайлы жағымды әсерлерімен бөлісті.