Байқау

17.04.2024 ж. Ғылым айы аясында Педагогика және психология жоғары мектебінің ұйымдастыруымен “Subtle Science” атты 1 курс студенттеріне арналған ғылыми байқауы өтті. Мақсаты: студенттердің ғылыми және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Комиссия мүшелері:

  • Кайкибаева Айнұр Сейдахметқызы, Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің басшысы м.а;
  • Мусекенова Айжан Айдыновна, Құқық және экономика жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары;
  • Желдибаева Райгүл Серікқызы, «Оқыту және тәрбилеу әдістемелері» БББ жетекшісі.

Байқау 3 кезеңнен тұрды:

1 кезең – «ЖУ Хабаршысы» журналы туралы бейне-ролик түсіру.

– ЖУ хабаршысын таңдаудың артықшылығы, шарттары мен ерекшеліктері;

қызықты фактілер;

– еңбек нарығындағы мамандықтың қажеттілігі туралы ақпарат;

– таңдаған мамандығының өзін дамытудағы перспективалары сынды қойылған талаптарға сай жұмыстарын 7 команда қорғап шықты.

2 кезең – Мақала құрылымы

Командаларға мақаланың құрылымын дұрыс бағытта құрастырыңыз деген тапсырма беріледі. Тапсырманы бағалауда комиссия мүшелері орындалу жылдамдығына, тамсырманы дұрыс орындауына және сұрақтарға жауап бергендеріне қарай бағалады.

3 кезең – Викторина

Барлық командаларға ортақ ғылымға байланысты сұрақтар қойылады.

Байқаудың нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын – «Алау» командасы

2 орын – «Бірлік» командасы

3 орын – «Жалын» командасы Жеңімпаздар дипломмен марапатталып, сыйлықтар табысталды.