«Таза сессия» акциясы

15.04.-17.04.2024 жылы аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, Шетел тілдері және аударма ісі БББ профессорлық оқытушылар құрамы Г.Қ.Байгуданова, А.С.Рамазанова, Ж.А.Жалелова, С.А.Уалиева, А.Қ.Бейсембайева, А.С.Доскельдина, М.Ж.Ахметова, А.С.Шыныбекова, М.А.Маукебаева, Ш.М.Нусупова, Ш.С.Елеусизова, А.Н.Мусабаева, С.Б.Дюсебаева, Г.М.Омарбекованың ұйымдастыруымен АІҚ 212, ИЯР 311, ШТҚ 311, ШТҚ 312, ПДР 211, ШТҚ 221, ШТҚ 213, АІҚ 311, ШТҚ 212, ШТҚ 112, ШТҚ 113, АІҚ 211, ШТҚ 211, ИЯР 211, ИЯР 221, ИЯР 111, ИЯР 121, ШТҚ 111, АІҚ 111 студенттерінің арасында «Таза сессия» акциясы өткізілді. Акциясының негізгі мақсаты әділ емтихандар өткізуге жәрдемдесу болып табылады. Акция барысында білімгерлер сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мәлімет алып, одан сақтану жолдарын, алдына алу мәселелерін қарастырып және де әр жеке тұлға өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және болашақ ұрпақты әділдікке тәрбиелеу қажеттігін жете түсініп, жемқорлыққа қарсы қоғамдық сана қалыптастыра білді. Осыған орай, болашақ жастар өмірде өзіндік орнын білуге, еліміздің патриоты болуға, болашақта адал ұрпақ тәрбиелеуге септігін тигізеді деген сенімдеміз!