Жазғы емтихандық сессияны сапалы жүргізу, білімгерлер арасында Жетісу университетінің академиялық қағидаларын түсіндіру және тәртіп бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Басқарма Төрағасы – Ректордың тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 15 сәуірінде сағат 15:00 І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері, топ кураторы Б.Т. Калиева 6В01601-«Тарих» мамандығының 2-курс білімгерлерін:
- Университеттің академиялық адалдық ережесімен таныстырды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдаманы жеткізді.
- Емтихан сессиясының өту ережесін түсіндірді.
- Тәртіп бұзушылық орын алғанда қолданылатын шаралар комплексі жайлы баяндады.
Білімгерлерге тақырып аясында сұрақтар қойылып, талқыланып, қорытынды ой айтылды.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/WhatsApp-Image-2024-04-17-at-12.40.42-1024x576.jpeg)