Таза сессия: Жемқорлыққа жол жоқ!

Жазғы емтихандық сессияны сапалы жүргізу, білімгерлер арасында Жетісу университетінің академиялық қағидаларын түсіндіру және тәртіп бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Басқарма Төрағасы – Ректордың тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 15 сәуірінде сағат 15:00 І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері, топ кураторы Б.Т. Калиева 6В01601-«Тарих» мамандығының 2-курс білімгерлерін: 

  1. Университеттің академиялық  адалдық ережесімен таныстырды.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдаманы жеткізді.
  3. Емтихан сессиясының өту ережесін түсіндірді.
  4. Тәртіп бұзушылық орын алғанда қолданылатын шаралар комплексі жайлы баяндады.

Білімгерлерге тақырып аясында сұрақтар қойылып, талқыланып, қорытынды ой айтылды.