2024 жылдың 12сәуір күні ТҚ 211топта «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәнінен 16.10-17.00 аралығында практикалық сабақтан «Үйсін мемлекеті» атты тақырыпта ашық сабақ өтілді. Ашық сабақ жаңартылған білім беру жүйесі негізінде жүргізілді. Яғни практикалық сабақта білімгерлерді топқа бөліп, сабақ барысында quiz, kahoot, necerpod интербелсенді түрлері қолданылды. Ашық сабақты әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері, магистр – Ж.У. Калелова өткізді.