Жастар жемқорлыққа қарсы

16 сәуір 2024 жылы АІҚ 212 тобының эдвайзері А.С.Шыныбекованың жетекшілігімен «Таза сессия» атты кураторлық сағат отырысы өтті. Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жемқорлық, парақорлық. Бұл тек біздің еліміздің ғана төңірегіндегі мәселе емес, бүкіл халықтың арасындағы мәселе. Осы мәселені шешу үшін елімізде әртүрлі ұсыныстар мен шешімдер қабылдануда. Коррупцияға байланысты бұл мәселені түбегейлі шешудің бірден бір жолдары адалдық ар Ережесін сақтауымыз қажет. Әрқашан да әр адам тек әділдікті, шынайылықты қолдайтын болса, мемлекеттегі жемқорлықтың бір үлесі болса да жойылады деген нық сенімдеміз.