ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2024 жылғы 18 сәуір күні жаратылыстану жоғары мектебінде докторанттардың диссертациялық жұмыстарын талдау мақсатында ғылыми семинар өткізілді. Семинарда SDU университетінің 8D01501 «Математика» БББ докторанты Тамер Гюрдың баяндамасы тыңдалды.

Іс-шара барысында докторанттар докторлық диссертация тақырыбы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен және идеяларымен алмасты. Докторанттар жоғары мектептің профессорлық-оқытушылық құрамынан ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар алды.