Меморандум

19 сәуір 2024 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ және «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ арасында мамандар даярлау саласындағы бірлескен қызмет туралы Меморандумға қол қоюға арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты-бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау саласындағы өңірлік мүмкіндіктерді кеңейту. Басқарма төрағасы – ректор, з.ғ.д., профессор Е. Борибаев бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау кезінде өзара практикалық және теориялық көмек көрсетуге бағытталған ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ басшысы М. Сүлейменов ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен қызметтің маңыздылығын растады.