23-26 сәуір аралығында ZOOM форматында «Таза сессия» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында, жазғы сессияны тапсыру барысында академиялық адалдық деңгейін арттыру бойынша жоғары мектеп студенттерімен бірқатар кездесулер өтеді. Кездесулер барысында емтихан кезінде студенттердің құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Кездесулердің модераторы «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басшысы Е. Ж. Беисов. Спикерлер: Тіркеу офисінің директоры Р. К. Есимханова және жоғары мектеп декандары.