Академиялық ұтқырлық

01.04-20.04.2024 Ж. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша білім беру бағдарламаларының сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, Смоленск мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы,профессоры Сенькина Гульжан Ержановна «Основы информационных систем» пәні бойынша 6В06102–Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының бакалавры студенттеріне практикалық сабақтар өткізді. Ақпараттық технологиялар саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу, мәліметтер базасымен жұмыс жасау бойынша практикалық білім берді. Студенттер шағын ғылыми жобаларды орындайды, бағдарламалық тілдермен жұмыс істелді. Студенттер әртүрлі интерактивті әдістерді қолдана отырып өткізілетін практикалық сабақтарды қызығушылықпен талқылайды.