XVI республикалық пәндік олимпиада өтті

Сәуір айының 25-26-сы күндері Қазақ-Американ университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің XVI Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Екі күнге созылған білім додасына еліміздің түкпір-түкпірінен білікті студенттер қатысып, бақ сынасты. Пәндік олимпиаданың басты тақырыбы – «Конвергентті журналистика». Екі күндік жарыста қатысушы студенттер «Кейстер шешу», «Журналистік мәтінмен жұмыс жасау» және «Мультимедиалық өнім дайындау» кезеңдері бойынша біліктіліктерін ортаға салды. Сайыс шарты бойынша қазылар алқасы әділ төрелігін айтып, жазылған, түсірілген жұмыстар негізінде өз пікірлерін білдірді.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламасының студенттері республикалық пәндік олимпиададан жүлделі ІІ орынмен қайтты. Топ жетекшісі: Каримова Бибигуль Жумашовна (PhD) философия докторы.

Топ мүшелері: Әділханқызы Мақпал, Баймұхан Гүлнұр, Мұхитқызы Арайлым.