Форсайт-конференция

23 сәуір 2024 ж. Ғылым айы аясында Басқарма Төрағасы – Ректор Е.А. Бурибаев Техникалық ғылымдар Жоғары мектебі ұйымдастырған «Индустрия 4.0. контекстіндегі цифрландырудың заманауи тенденциялары» атты халықаралық форсайт-конференциясын ашты. Төртінші өнеркәсіптік революция (Индустрия 4.0) индустрияға ақпараттық технологияларды жаппай енгізуге, бизнес-процестерді ауқымды автоматтандыруға және жасанды интеллектті таратуға негізделген өндіріске жаңа көзқарасты көздейтінін мәлімдеді.

Пленарлық отырысқа Ресейден Смоленск мемлекеттік университеті, Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, Сүлейман Демирель атындағы университеті, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және Vlife компаниясы қатысты.

Секциялық мәжілісте І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті және Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ПОҚ қызметкерлері мен студенттердің баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар робототехника және мехатроника лабораториясымен және ТҒЖМ жас ғалымдардың стартап аллеясындағы жетістіктерімен танысты.