Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2024 жылдың 02-20 мамыр аралығында Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің Шығармашылық оқыту білім беру бағдарламасының оқытушылары құрамының қатысуымен Талдықорған қаласының колледж және мектеп түлектерімен кездесіп, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында «Музыкалық білім беру», «Көркемеңбек, графика және жобалау» және «Дизайн» оқу бағдарламалары бойынша толық ақпарат берілді. Жиынға қатысушылар университет оқытушыларымен тілдесіп, білім алуға және оқуға қабылдауға байланысты өз сұрақтарын қойды.