АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ – КӘСІБИ ДАМУ МҮМКІНДІГІ
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің 3-курс студенті Мейірхан Хафиза қазіргі уақытта Түркия Республикасындағы Нийде Өмер Халисдемир университетінде (Niğde Ömer Halisdemir University) «6В02101 – Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық аясында білім алуда. Академиялық ұтқырлық кезеңінде студент дизайн саласындағы кәсіби пәндерді меңгеріп, оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, заманауи оқыту әдістерімен және …










