Шын жүректен құттықтаймыз!
⚜️ 2026 жылғы 21–27 наурыз аралығында Бангкокта (Тайланд) жебеден классикалық (олимпиадалық) ату бойынша Азия кубогының І кезеңі өтті. 🥇 Аталған байрақты бәсекеде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ФКР-311 тобының студенті Александра Землянова жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. 🏆 Александраны жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асулары биік, бағындырар шыңдары жоғары болсын!









