Музыкалық білім беру бағдарламасы студенттеріне ЖАОК-тан өту тәртібін түсіндіру

20.10.2026 ж. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің Музыкалық білім беру бағдарламаларының студенттеріне жаппай ашық онлайн курстардан (ЖАОК) өту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында студенттерге ұсынылған курстар, платформаға кіру тәртібі, ЖАОК-тың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ қорытынды бағалаудан өту рәсімі туралы толық ақпарат берілді.