12–16 қазан аралығында дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі Баженова Э. Д. кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен бірлесіп, 6В01409 «Дене шынықтыру және спорт» (IP) және 6В01401 «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін педагогтердің білімін бағалаудан (ПББ) өту тәртібі туралы толық ақпарат берілді. ПББ-дан сәтті өтудің «педагог» біліктілік санатын алу және мамандық бойынша жұмысқа орналасу үшін маңыздылығына ерекше назар аударылды.



