«Felt Book — 2026» кітап көрме-фестивалі өтті!

«Жетісу өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алтын Орданың құрылғанына 757 жыл толуына арналған облыстық «Felt Book — 2026» кітап көрме-фестивалі жоғары деңгейде өтті! Шара барысында төмендегі жаңа кітаптардың тұсауы кесіліп, оқырмандар назарына ұсынылды:
📖 «Аталар аманаты»
📖 «Анаға тағзым»
📖 «Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы»
📖 «Қытайтану негіздері»
📖 «Академик Аймақ Жанғалиев»
📖 «Наймантай шежіресі»
📖 «Жырға айналған сағынышы»
📖 «Алтын орда ақиқаты және оның Төр Жетісудағы іздері»
Сондай-ақ «Кітап сыйла» акциясы аясында республикалық, облыстық және аудан-қала кітапханаларына арнайы кітаптар сыйға тартылды.

Сондай-ақ «Кітап сыйла» акциясы аясында республикалық, облыстық және аудан-қала кітапханаларына арнайы кітаптар сыйға тартылды.
Бұл маңызды рухани басқосуға өнер, мәдениет және өлкетану саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері, облыстық және аудандық кітапхана қызметкерлері, архив пен музей мамандары, тарихи-мәдени мұраларды қорғау саласының және ауыл әкімдері, сондай-ақ І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық факультетінің 6В01602 — Тарих және қоғамтану білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері белсене қатысты.
Ұлттық мұрамызды дәріптейтін мұндай шаралар еліміздің рухани дамуынa қосылған зор үлес!