6В01409 «Дене шынықтыру және спорт» (IP) және 6В01401 «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» (ЖАОК)

2026 жылғы 5–9 қазан аралығында 6В01409 «Дене шынықтыру және спорт» (IP) және 6В01401 «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» білім беру бағдарламаларының 1–4 курс студенттері арасында жаппай ашық онлайн курстардан (ЖАОК) өту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында студенттерге ұсынылған курстар, платформаға кіру тәртібі, ЖАОК-тың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ қорытынды бағалаудан өту рәсімі туралы толық ақпарат берілді.