«Ғылым мен техниканың өзекті мәселелері» халықаралық конференциясы

2026 жылғы 8–10 қазан аралығында Өзбекстан Республикасының Қаршы қаласындағы «Экономика және педагогика» университетінде «Ғылым мен техниканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Халықаралық конференцияға Бразилия, Малайзия, Сингапур, Әзербайжан, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және басқа да мемлекеттердің ғалымдары қатысып, ғылым мен техниканың қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстандық делегация құрамында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің өкілдері болды. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен конференцияға Н. Адамқұлов қатысып, баяндама жасады.

Конференция жоғары ғылыми-ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Іс-шара барысында ғалымдар өзара тәжірибе алмасып, ғылыми байланыстарды нығайтуға және алдағы уақытта бірлескен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алды.