2026 жылғы 25 қазанда Түркістан қаласында «Turkistan Marathon 2026» халықаралық марафоны өтті.

Аталған халықаралық додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Жаңабек Есенбол жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, марафондық 42 шақырым қашықтықты 2 сағат 17 минут 30 секундта еңсеріп, ІІІ орын иеленді.

Сонымен қатар, Есенбол осы нәтижесі арқылы Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындап, спорттық мансабындағы маңызды белестердің бірін бағындырды.

Бұл жетістік – студентіміздің қажырлы еңбегінің, табандылығы мен үздіксіз жаттығуының, сондай-ақ жоғары кәсіби дайындығының айқын дәлелі.

Жаңабек Есенболды айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық және республикалық жарыстарда толағай табыстар, жаңа рекордтар мен жарқын жеңістер тілейміз!