2026 жылғы 30 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламасының МБҚ-211 тобына «Хор 1» пәні бойынша жаппай ашық онлайн курстан (ЖАОК) өту тәртібіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысын Шығармашылық білім беру кафедрасының оқытушы-дәріскері Серикхан Амирович Акхожин жүргізді.
Кездесу барысында студенттерге онлайн білім беру платформасын пайдалану жолдары, курстың мазмұны мен оқу кезеңдері, тапсырмаларды орындау тәртібі, сондай-ақ қорытынды бақылау және бағалау талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар «Хор 1» пәні аясында хорда дұрыс тыныс алу, дыбыс қалыптастыру, дикцияны жетілдіру және ансамбльдік үйлесімділікті сақтау ерекшеліктеріне қатысты әдістемелік бағыт-бағдар берілді.
Аталған жұмыс студенттердің ЖАОК материалдарын жүйелі меңгеруіне және оқу тапсырмаларын талапқа сай орындауына бағытталды.




