Оқу практикасының бастапқы конференциясы өтті

2026 жылғы 30 қараша күні Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері ТҚҚ 211, ТҚҚ212 топтарына оқу практикасының бастапқы конференциясы өтті.

Конференция барысында студенттер практика бағдарламасымен, мақсат-міндеттерімен және есеп беру талаптарымен танысты. Практика жетекшілері әдістемелік нұсқаулар беріп, оқу практикасының кәсіби құзыреттіліктерді дамытудағы маңызын атап өтті. Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарына жауап алып, алдағы жұмыс бағыттарын нақтылады.