ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

2026 жылғы 1–5 қараша аралығында Жезқазған қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған республикалық додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Хегай Кира 57 келі салмақ дәрежесінде жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, І орын иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Бұл жеңіс – студентіміздің қажырлы еңбегінің, табандылығы мен жоғары кәсіби дайындығының, сондай-ақ алға қойған мақсатына жету жолындағы тынымсыз еңбегі мен жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі.

Хегай Кираны Қазақстан чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймыз!** Алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда толағай табыстар, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!