2026 жылғы 4 қарашада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламасының МБҚ-211 тобына «Домбыра аспабында аккордтарды ойнау және олардың тізбегі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақты Шығармашылық білім беру кафедрасының оқытушы-дәріскері Сарбинас Мухамедьяровна Кунтуганова жүргізді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге домбыра аспабында аккордтарды дұрыс орындау әдістерін меңгерту, аккордтар тізбегін музыкалық заңдылықтарға сәйкес құрастыру және орындау дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар студенттердің музыкалық есту қабілетін, ырғақты сезінуін және орындаушылық шеберлігін дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға әрі алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға ерекше назар аударылды.
Сабақ барысында студенттер аккордтардың құрылымымен, гармониялық қызметімен және өзара байланысымен танысып, оларды домбырада орындау тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді.
Домбыра аспабында аккордтар мен олардың тізбегін меңгеру – студенттердің орындаушылық шеберлігін жетілдіретін маңызды бағыттардың бірі. Аккордтардың құрылымы мен гармониялық байланысын түсіну музыкалық шығарманың мазмұнын терең қабылдауға және оны кәсіби деңгейде орындауға мүмкіндік береді.




