«STOP BULLYING» тақырыбында кураторлық сағат

Физика-математика кафедрасының оқытушы-дәріскері, ФҚ(IP)-311 және ФП(IP)-311 топтарының кураторы Д.Е. Куатбаеваның ұйымдастыруымен «STOP BULLYING» тақырыбында тағылымды кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, жастарға психологиялық қысымның түрлері мен оның салдары туралы түсінік беру, сондай-ақ топ ішінде өзара сыйластық, төзімділік (толеранттылық) және достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында студенттер буллингтің алдын алу жолдарын талқылап, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасты. Шара соңында білім алушылар бір-біріне қолдау көрсетудің және қауіпсіз әрі жайлы орта құрудың маңыздылығын атап өтті.