Халықаралық ғылыми дөңгелек үстел

Жаратылыстану-техникалық факультетінің, экология және ауылшаруашылғы ғылымдары кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті.

Онда ауылшаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін жәндіктердің және олардың ерекшеліктері мен күресу теориясы қарастырылды. Дөңгелек үстелге Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің, Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының өкілдері және Республикалық фитосанитариялық диагностикалық және болжамдық әдістемелік орталығының Жетісу өңірлік филиалының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ Марке политехникалық университетінен келген профессор Abdalhadi M. А. Abulebda қатысып, мазмұнды баяндама жасады.

#ЦУР #SDG #ТДМ