2026 жылғы 29 қазан мен 6 қараша аралығында Тараз қаласында ерлер мен әйелдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған республикалық додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Құралай Егінбайқызы 80 келі салмақ дәрежесінде жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, ІІІ орын иеленіп, Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бұл жетістік – студентіміздің қажырлы еңбегінің, табандылығы мен жоғары кәсіби дайындығының, сондай-ақ алға қойған мақсатына жету жолындағы тынымсыз ізденісі мен жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі.
Құралай Егінбайқызын жүлделі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда толағай табыстар, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!


