ЖЕТІСУ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ СТУДЕНТТЕР ҮШІН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТҮСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АЙТЫП БЕРДІ

Жетісу облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері 2024 жылғы 16 мамырда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті колледжінің 3 курс студенттері үшін кездесу өткізді.

Бұл кездесудің мақсаты – жас студенттерге оқу аяқтағаннан кейін жұмыс орындарын ұсыну мен құқық қорғау қызметіндегі жұмыс жағдайларымен таныстыру. Құқық қорғаушылар жедел әрекет ету арнайы жасағының бөлімшелеріне орналасу мүмкіндігі туралы айтып, болашақ түлектерге Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлімшелеріндегі жұмыстың қыр-сыры, маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

– Ішкі істер органдарындағы қызмет – бұл қажырлы, бірақ маңызды, өте қажетті жұмыс. Бұдан басқа, батылдықты, төзімділік пен дене шынықтыру дайындығын, логикалық ойлау қабілетін, кез келген жағдайда мұқтаж жандарға бірден көмекке келу құлшынысын талап етеді, – деп атап өтті ПД ТжКЖБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асем Мәкенқызы.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері студенттерді Ішкі істер органдарында жұмыс істеу, қызметке кіру тәртібі туралы қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.