Менің жетістігім – менің нәтижем

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері, п.ғ.к. қауымдастырылған профессор (доцент), ҚР «Мәдениет саласының үздігі», халықаралық «Этномәдениет» ОШО ҚБ жетекшісі, 130-ға жуық оқулықтар, оқу-әдістемелік және дидактикалық оқулықтарының, ҚР мектептеріне арналған ЖББ мемлекеттік және кәсіптік білім беру стандартының авторы Н. Адамқұлов ДҚ 311, 411 топтарымен «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.