29.10.2024 ж Оқытушы-дәріскер С.Кунтуганована, 119 аудиторида , сағат14.10-15.00  Негізгі музыкалық аспап(домбыра)3 пәні бойынша  Мбқ311 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты 1.Ансамбльде кәсіби музыкалық күйлер мен шығармаларды меңгеру 2. Домбыра тартуда жоғарғы деңгейге жеткен күйшілерді білу. Ашық сабақта атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол!», «Қайран шешем»сияқты күйлеріне тарихи баяндама айтылды. С.Кунтуганована «Адай» күйін ансамбльде орындалу ерекшеліктері, тәртібі туралы білімгерлерге түсіндіріп және домбырада орындап  көрсетті.