Семинар

19.11.2024 ж. Педагогика және психология факультетінде «Бастауыш сыныпта робототехниканы оқыту әдістемесі» атты оқыту семинары өткізілді.

Семинар бастауыш сынып мұғалімдеріне арналғандықтан, қаламыздың мектептерінен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинардың спикерлері және ұйымдастырушылары «Jas Galym 2024» жобасының грант иегерлері: Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының оқытушы-ассистенті Мухашева Меруерт Бауыржановна және БПқ221 тобының студенттері Тоқтасынова Балжан және Серікбек Сандуғаш.

Семинарға арнайы қонақ ретінде Future IT робототехника мектебінің директоры Нуркежанов Дамир Муратович қатысып, өз тәжірбиесімен бөлісті.

Семинар соңында қатысқан бастауыш сынып мұғалімдеріне сертификаттар табысталды.