«Жаңару» сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттейтін ортылық ашылды

Жетісу университетінде  «Жаңару» сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттейтін ортылық ашылды.

Бұл орталықта  ғалымдар мен білім алушылар сыбайлас жемқорлықпен күресу саясатын қалыптастыруды ғылыми деңгейде зерттейтін болады.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылындағы  бас тірегі — жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев, Мемлекет және қоғам қайраткері Бейбіт Мамраев,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сот  әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті және жергілікті атқару органдарының басшылары,  Жетісу облысының прокуроры, облыстық сот төрағасы қатысты.

Жиынды университет ректоры Ермек Бөрібаев жүргізіп, сыбайлас жемқорлықпен күресуде жастардың роліне тоқталды.

«Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғам талабы екенін жеткізді.   ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Саян Ахметжанов облыс бойынша сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталып, онымен күресті күшейту мақсатында Жетісу университетінің студенттерінен «Жас Қыран» жастар ұйымын құру туралы ұсынысын айтты. Бұл ұсынысты белсенді студенттер бірауыздан қолдайтынын білдірді.  Облыстық «Jetisy jastary» мекемесінің өкілі Арнай Байжұрынов жастар атынан сөз сөйледі.  

«Сыбайлас жемқорлықтың зиянын алдымен жастар сезінеді. Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен жастар білім алу, қызметке тұру, мансаптық өрлеу мүмкіндігінен айырылады. Ал біздің басты мақсатымыз адал еңбегімізбен жетістікке жету. Сондықтан жемқорлықпен күресте жстарды көптеп тарту керек»-деді ол.  Жетісу университетінің студенттері де сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз пікірлерін айтып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.  

Жиын барысында  «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен университет базасында «Жаңару» сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттейтін орталық ашылды. Онда сыбайлас жемқорлық жасауға  ықпал ететін себептер  ғылыми тұрғыда зерделеніп, жастар құқықтық сауаттылығын арттыратын болады.

#SDG #ЦУР #ТДМ